Астық тиелген үшінші контейнерлік пойыз Хошимин портына жөнелтілді

773

Астық тиелген үшінші контейнерлік пойыз Хошимин портына жөнелтілді

40 футтық елу контейнерге тиелген астық Ақмола теміржол бөлімшесінен Хошимин портына жөнелтілді, деп хабарлайды railways.kz.

1350 тонналық жүк Достық шекаралық станциясы арқылы Қазақстанның солтүстік өңіріндегі көлік дәлізімен Ляньюньган порты – Оңтүстік - Шығыс Азияға бағытталады. 
Астық тиелген пойыз 72 сағатта Достық станциясына келіп тоқтайды.
"Аграрлық сала өнімдерін тасымалдау – біз үшін аса маңызды мәселе. Бұл біздің Жалтыр станциясынан жіберіп отырған үшінші контейнерлік пойызымыз. Вьетнамдық тұтынушыларға алғашқы қазақстандық астық былтырғы жылы қаңтарда жеткізілді",- дейді Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нұрым Жаниязов.
Қазіргі таңда Вьетнамға астық жіберу барынша қарқынды ұйымдастырылуда.
Жалтыр станциясының бастығы Сәкен Жүнісовтің айтуынша, қазіргі таңда астық және ұн өнімдері ТМД, Кавказ, Балтық жағалауы, Қытай, Иран, Ауғанстан бағдарына жіберілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу