"Астық Транс" мереке күндері тоқтап тұрған вагондарға айыппұл салмайды

1028

Биыл елде 16,4 млн тонна астық жиналған.

"Астық Транс" мереке күндері тоқтап тұрған вагондарға айыппұл салмайды

Қазақстандағы ірі астық тасымалдаушы оператор "Астық Транс " АҚ мереке күндері тоқтап тұрған вагондардан айыппұл өндіріп алуды тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жүктерді тиеудің оң серпінін сақтау және алдағы демалыс және мереке күндері тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қоғам 2022 жылғы 1-10 қаңтарда тиеу станцияларында вагондардың нормативтен тыс бос тұрғаны үшін айыппұл өндіріп алмайды", - деп жазылған хабарламада.

ElDala.kz дерегінше, биыл Қазақстанда астық түсімі 16,4 млн тонна болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% аз. Бірақ бұл жағдай
тасымалдау көлеміне әсер етпеген. Бұл туралы "Астық Транс" АҚ бірінші вице-президенті Сергей Мосолкин айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу