Полиция өкілдері шамамен 2 мыңға жуық астық сақтау және өңдеу нысандарын, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына тартылған 1000-нан астам көлік пен арнайы техниканы тексерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР ІІМ-нің мәліметінше, тәркіленген мүліктің жалпы көлемі – 141 тоннадан астам ұрланған астық. 175 келіге жуық басқа дәнді дақылдар, егіс алқаптарынан ұрланған 200 литрден астам жанармай және ауыл шаруашылығы техникасына тиесілі 15 қосалқы бөлшек анықталды.
Сонымен қатар 4 қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолы кесіліп, 18 адам ұсталды.
Полиция ауыл шаруашылығы өнімдерінің сақталуына бақылауды егін жинау науқаны толық аяқталғанға дейін күшейтілмек.