Астық жинау науқаны қалай жүріп жатыр

576

АШМ мәліметіне сүйенсек, 12,3 ц/га орташа өнімділік кезінде 7,5 млн тонна астық бастырылған, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн тоннаға артық (2021 жылы осындай күнге 5,1 млн тонна бастырылған болатын).

Астық жинау науқаны қалай жүріп жатыр

Егін жинау науқаны басталғаннан бері қазақстандық шаруалар 6,1 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді, бұл жоспардың 38% астамын құрайды, деп хабарлады жауапты ведомствоның баспасөз қызметі.

"Биылғы жылы өнімділіктің өсуіне қолайлы ауа райы жағдайлары, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары кезінде агротехникалық шаралар кешенін уақтылы жүргізілуі және өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету ықпал етті. Ішкі тұтыну мен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астықтың жеткілікті көлемі алынады деп болжанып отыр", – деп жазылған АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қаржыландыруға келетін болсақ, 2022 жылы бюджеттік кредит 140 млрд теңге болған, бұл 2021 жылғы деңгейден 2 есе жоғары.

"Астықты форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін көбейтілді немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе артты", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелеу тетігі іске қосылғаны, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін жеңілдетілген дизель отыны бөлінгені жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу