Астық жинау науқаны қазан айының басында аяқталады – ҚР АШМ

1018

17 қыркүйектегі жағдай бойынша 14,1 млн гектар егіс алқабындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,2 центнерден айналды. Бұл 2020 жылғы деңгейден 22,8%-ға төмен (өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа өнімділік гектарына 11,9 центнерден айналды).

Астық жинау науқаны қазан айының басында аяқталады – ҚР АШМ

Дәл бүгінгі күнге дейін жалпы 13 млн тонна астық жиналды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі. Оның 10,4 млн тоннасы бидай.

Сондай-ақ 197,8 мың тонна майлы дақыл, 2 142,7 мың тонна картоп, 3 730,1
мың тонна көкөніс дақылдары, 2 581,3 мың тонна бақша дақылдары жиналды.

Егін егетін негізгі үш өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан
облыстарында 10,6 млн гектар егіс алқабы жиналды. Бұл жалпы алаңның 91,4%-ы.
Орташа өнімділік гектарына 8,4 центнерді құрап, 8,9 млн тонна өнім жиналды.

Астықтың жалпы түсімі 15,3 млн тоннаға жетеді деген болжам бар. Соның
ішінде бидайдың түсімі 10,5 млн тоннаға жуықтауы мүмкін.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша республикада дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,5 млн тонна, оның ішінде бидай 2,8 млн тонна болған. Өткен жылдан қалған астықты есептегенде шамамен 18,8 млн тонна астық бар. Оның 13,3 млн тоннасы бидай.

Астықтың қажеттілік есептеріне сәйкес, ішкі тұтынуға 7,6 млн тонна бидай, оның ішінде азық-түлік қажеттіліктеріне 3 млн тонна, жемге 2 млн тонна, тұқымға 1,8 млн тонна, өнеркәсіптік өңдеуге 0,8 млн тонна астық қажет.

Бидайдың экспорттық әлеуеті ұнды қоса есептегенде шамамен 5,5-6 млн тонна
көлемінде бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу