Астықты заңсыз импорттағандар ұсталды

562

2021-2022 жылдары құны 500 млн теңге болатын 4800 тонна астықты экспорттағаны анықталды.

 Астықты заңсыз импорттағандар ұсталды

Қостанай облысында Ресей астығын заңсыз импорттаумен айналысқан бір топ адам ұсталды. Қылмыстық әрекеті әшкереленген қазақстан азаматтары бидайды көлікпен тасымалдаған. Шекарадан өткізгенде тауардың салмағын азайтып көрсеткен. Содан соң контрабандалық жолмен келген астықты Өзбекстанға жөнелтіп отырған. 2021-2022 жылдары құны 500 млн теңге болатын 4800 тонна астықты экспорттағаны анықталды. Олар халықаралық транзиттік тарифты төлеуден жалтарғаны үшін айыпталуда. Сондай-ақ Ресейдің бидайын отандық өнім ретінде сату үшін жалған құжаттар жасатқан. 

"Қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - дейді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі   Әлібек Әбділов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу