Астықтың резервтік қорын сақтауға 2,4 млрд теңге қажет болады

495

Сенатта "Астық туралы" Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар енгізу туралы" заң қабылдады.  

Астықтың резервтік қорын сақтауға 2,4 млрд теңге қажет болады

Бұл туралы депутат Дүйсенғазы Мусин: "Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі астықпен толығымен қамтылған мемлекеттер үшін де өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Сондықтан да, астық өндірудегі еліміздің жоғары ресурстық әлеуетіне қарамастан, халықты азық-түлікпен қамту және бағаны тұрақтандыруда мемлекеттің жауапты іс-әрекеттері маңызды. Заң жобасында "астықтың резервтік қоры", "астық нарығы жөніндегі оператор", "астықтың резервтік қорын басқару" ұғымдарын енгізу көзделген. Сондай-ақ, уәкілетті органға астық нарығын реттеуде тиісті құзыреттілік беру ұсынылады",  деді.

Заң жобасы ішкі астық нарығын тұрақтандыруға жәнем тұқым мен жемшөп қорын қалыптастыруға арқылы бірқатар саланың өнімділігін арттыруға ықпал етуді көздейді.

"Заң жобасындағы толықтырулар ішкі астық нарығын реттеп, өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Осы арқылы халықты қолжетімді астық өнімдерімен қамтамасыз етеді. Астықтың резервтік қорын сақтау үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 2,4 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қажет болады", деді сенатор.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу