Астыртын ойынхана ұйымдастырған Павлодар тұрғыны сотталды

547

"Покер" ойынын ұйымдастырған Павлодар тұрғыны 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.   

Астыртын ойынхана ұйымдастырған Павлодар тұрғыны сотталды Фото: pavlodarnews

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің ақпаратына сәйкес,  биылғы қыркүйек айында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында "астыртын" ойынхана анықталды.

 "Қала тұрғыны 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Павлодар қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде ойын карталары мен арнайы фишкалары бар арнайы жабдықталған покер үстелдерін пайдалана отырып, крупье дилерлерін тарту арқылы "Покер" ойынын ұйымдастырған", - делінген хабарламада.

Қалалық № 2 сот процессуалдық келісімді жасауды ескере отырып,  "астыртын" ойынхананы ұйымдастырған азаматты кінәлі деп тапты. Ол 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу