Астыртын жұмыс істеп келген 15 ойынхана әшкереленді

1103

Бұл фактілер бойынша 150 қылмыстық іс қозғалып, букмекерлік кеңсе атауы жамылған 49 мекеме жабылған. 

Астыртын жұмыс істеп келген 15 ойынхана әшкереленді

Еліміздің экономикалық тергеу қызметі биыл рұқсат етілмеген қалаларда астыртын жұмыс істеп келген 15 ойынхананы әшкереледі, деп хабарлайды Atameken Business.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл фактілер бойынша 150 қылмыстық іс қозғалып,  букмекерлік кеңсе атауы жамылған 49 мекеме жабылған. Олардан 5 мыңға жуық ойын терминалдары, компьютерлер мен покер үстелдері тәркіленді.

Ақтөбе облысында букмекерлік кеңселер түрінде заңсыз 10 электрондық казино ашқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Қазір, қылмыстық топтың жетекшісі мен қатысушылары қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, ойын бизнесі туралы заңға сәйкес Қапшағай мен Ақмола облысындағы Щучье ауданын қоспағанда, еліміздің барлық аумағында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу