Алматы облысындағы Асы жайлауы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның айтуынша, "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының мүшелері Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылының тұрғындарымен кездескен.
"Отырыста 2,4 мың гектар аумақты құрайтын Бұғыты қыстауының мемлекет меншігіне қайтарылғанын халыққа жария еттік.
Бұл ретте олар ел арасында Асы үстірті атанған Іле-Алатау саябағының баурайындағы 3500 гектар ауылшаруашылық жерінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлады. Атап айтқанда, бұрын 03-044-184-002 кадастрлық нөмірі бар "Іле-Алатау тур" ЖШС-не тиесілі көлемі 3,5 мың гектар жер телімі туралы сөз болып отыр.
Аталған жер учаскесі Еңбекшіқазақ облысы әкімінің 2023 жылғы 1 маусымдағы No907 қаулысымен мемлекет меншігіне қабылданды", - деп жазды депутат.