Асық ату: Астанада оқушылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

251

Чемпионат 2014-2016 жылы дүниеге келген жеткіншектер арасында өтуде. 

Асық ату: Астанада оқушылар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Чемпионатқа еліміздің 16 өңірінен, атап айтқанда, Алматы, Абай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан 124 асықшы ұл-қыз сынға түсіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Бабалардан мирас болған ұлттық ойынымызды спорт ретінде қалыптастырудамыз. Қазақтың "асық ойнаған азар" деген сөзін "асық ойнаған озар" деп өзгертудеміз. Себебі жас бала компьютер, смартфондарға телміргенше, асық атумен айналысса деймін. Бұл – біздің үшінші ресми жарысымыз. Өткен жылмен салыстырсақ, Абай, Ақмола облысынан келген командалар бірінші рет қатысып жатыр", – деді жарыс ұйымдастырушысы Жомарт Сабыржанов.

Қыркүйек айында елорда төрінде алғаш рет өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында асық ату, бес асық және қырғыздардың ордо атты сайыс түрлерінде жүлде сарапқа салынады.

"Қазір еліміздің 19 өңірінде филиал жұмыс істеп, 90 мыңнан астам ресми түрде асық атумен айналысады. 1 119 бапкер бар. Бүгінгі жарысымыз ұлдар асық атудан сынға түссе, қыздарымыз бес асықтан мықтыны анықтайды. Бұған дейін 10 атқанда нысанаға тигізетін жеткіншектеріміздің көрсеткіштері уақыт сайын жақсарып келеді", – деп түйіндеді сөзін Жомарт Сабыржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу