Асық ату ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енуі мүмкін

1219

Асық ату ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енуі мүмкін

Корея Республикасының Чеджу провинциясында ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне үміткерлер жиналды, деп хабарлайды ҚР дене шынықтыру және спорт комитетінің баспасөз қызметі.

Чеджудың ICC көрме орталығында материалдық емес мұраларды дәріптеп, дамытуға үлес қосып жүрген елдерге ЮНЕСКО ұйымының атынан алғыс хат табысталды. ҚР сыртқы істер министрлігі ҚР мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп аталған алаңға қазақ халқының ұлттық ойыны асық атуды ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізу жұмысын атқаруда. Мемлекеттердің өтініштері 4-9 желтоқсан аралығында үкіметаралық материалдық емес мұраларды қорғау жөніндегі комитетінің 12-сессиясында қаралады. Сессия аясында Орталық Азия елдерінің материалдық емес мәдени мұраларының таныстырылымына арналған Азия-Тынық мұхит аралығындағы материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі халықаралық желі орталығының көрмесі өтеді. Комитет мүшелері тағы 34 өтінішті қарастырады. Мәселен, Армения ұжымдық ерлер биі кoчариді, Әзербайжан ұлттық тағамдары долманы әзірлеудің тәсілдерін, Қырғызстан фольклорлық ат ойынын, Тәжікстан ұлттық әуендері Фалакты ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұсынады.

Естеріңізге салайық, 2016 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес, қазақ күресі және саятшылық өнер ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезетантивтік тізіміне енген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу