"Asyl arna" шетелден қаржыландырылған ба?

835

Мұхамеджан Тазабек өзі басқаратын діни арнаның 10 жыл бойы кімнің қаржысына жұмыс істегінін айтты.  

"Asyl arna" шетелден қаржыландырылған ба?

"Біз бұл мәселе бойынша осы 10 жылдың ішінде көптеген сұрақтарға жауап беріп келе жатырмыз. Біріншіден, елдің білгісі келетіні шетелден қандай да бір қаржы көзі түсті ме дегендей мәселелер. Еш уақытта, ешқашан да  "Asyl arna"-ға шетелден бірде-бір тиын, теңге түскен емес. Біріншіден, біздің қаржылық көзіміз – жарнама. Біз өзіміз  телеарнамыздың контентіне сәйкес келетін әртүрлі тауарларды жарнамалап, содан табыс табамыз. Екіншіден, біздің ортақ жобаларымыз бар. Яғни, Қазақстандағы кәсіпкерлермен бірлесе ортақ жобалар жасап, сол жобалар арқылы қаржы табамыз. Үшіншіден, бізге қандай да бір қайырымдылық жасағысы келген қазақ даласындағы кәсіпкерлер болсын, қарапайым адамдар болсын, солар бір жобаны кейде қаржыландырғысы келеді. Мәселен, "Мен мына жобаның ары қарай жалғасуына қызығушылық танытамын. Осыған қаржы салсам бола ма" деген отандастарымыздың көмегімен жүріп келді. Ал шетелден немесе бір күмәнді көздерден қаржы көзі еш уақытта болған емес. Өйткені 10 жылдың ішінде біз халықтың назарында жұмыс жасап келе жатқандықтан, ол ойымызды ашық айтуымыз керек", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу