Асыл тұқымды мал басы көбейтілуде

788

 Асыл тұқымды мал басы көбейтілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында асыл тұқымды мал басы еселенуде. Оған мемлекет тарапынан да субсидиялар беріліп отыр. Мәселен, Бәйдібек ауданындағы "Абердин-Ангус" шаруашылығының құрылғанына небәрі екі жыл болған. Дегенмен қазірдің өзінде мұндағы ірі қара саны 90-ға жуықтаған. Қожалық басшысы мал тұқымын Астанадан алдырған екен. Кәсіпкердің айтуынша, алыстан жеткізілген мал тез салмақ қосады.

Шаруашылықта жем-шөп те дайындау жолға қойған. Мал жайлымы 2 жарым мың гектарды құрайды. Қазір етті экспортқа шығару жоспары түзіліп отыр. Фермада шамамен 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалақылары орташа есеппе 80 мың теңге.

Мақсат Назарбаев, "ЖК Назарбаев"шаруа қожалығының басшысы

-Қиындықтар болды, бірақ бізге көмектесіп жатыр. Кәсіпкерлік палатасынан көмектесіп жатыр. Бәйдібек ауданына көмектесіп жатыр. Хағдайымыз нормально, жақсы қазір. Субидия вовремя алып жатырмыз. Қазір Бәйдібек ауданында бастаған кезде 35 гектар болған бізде. Қазір жер 3,5 мың гектарға жетті. Жайылым, егістік, суармалы жер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу