Асыл тұқымды мал өсіруге берілетін субсидия миллиард теңгеге ұлғайтылды

1970

Асыл тұқымды мал өсіруге берілетін субсидия миллиард теңгеге ұлғайтылды

Қарағанды облысының 2018 жылға бюджеті түзетілді. Қазынаның кірістері мен шығындарындағы өзгерістерді облыстық мәслихат депутаттары ХІХ кезектен тыс сессияда бекітті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

"Бүгін сіздердің назарларыңызға 2018 жылға нақтыланған облыстық бюджет жобасы ұсынылып отыр. Жыл соңына облыстық бюджетке түсетін кірістер 0,4 млрд теңгеге ұлғайды, - деп мәлімдеді Қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары Людмила Башарина. –Мемлекеттік сатып алулардағы үнемдеулер мен жыл бойынша орындау болжамының қорытындысына сай бюджеттің шығыс бөлігі 1 млрд теңгеге қысқарған. 3,2 млрд теңге облыстық бюджеттің ішкі шығыс бөлігінде қайта таратылған". 

Асыл тұқымды мал өсіруді дамытуды, мал өнімдерінің сапасын және өнімділігін жоғарылатуды сибсидиялауға қосымша 982 млн теңге бөлінді. Осы бағытты қаржыландырудың жалпы сомасы 4,9 млрд теңгені құрады. 

Аймақтық тұрақтандыру қорларына азық-түліктерді сатып алуға 83,4 млн теңге бөлінді. 
Бұған қоса, бюджет есебінен Тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жобаларды несиелендіру сомасы ұлғайтылды - 638,5 млн теңгеге дейін. 
"Әлеуметтік саланы дамытуға қосымша 254 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады, - деп түсіндірді баяндамашы. – 840 млн теңге құрылыс және жөндеу жұмыстары бекітілген мерзімнен бұрын аяқталған құрылыстары бар жобаларға беріледі. Бұл қаражат олардың жүзеге асырылуын жылдамдатуға септігін тигізеді".

Людмила Башарина ол жобалар спорт, білім беру, көліктік логистика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын қамтиды. 

Еркін қалдықта 1,4 млрд теңге қалыптасты. Аталмыш қаражат 2019 жылдың бюджетін бекіткенде таратылады. 

Нақтылау аяқталған соң 2018 жылғы облыстық бюджеттің жалпы шығыстары 206,5 млрд теңгені құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу