Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізілді

84

Құжат 2025 жылғы 20 қарашада № 37444 тіркеу нөмірімен ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізілді Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Отандық өндірушілерді қолдау және асыл тұқымды мал сатып алу кезіндегі қаржылық жүктемені азайту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 428 бұйрығымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, отандық және импорттық асыл тұқымды мал сатып алуға берілетін субсидиялар нормативтері қолданыстағы мөлшерден 75 пайызға арттырылды.

Құжат 2025 жылғы 24 қарашада ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында электрондық түрде жарияланып, 2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу