Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

147

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Асылбек Ахметжанов 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ технология және бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016 жылдың қаңтарында Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру басқармасында сарапшы міндетін атқарушы ретінде бастаған.

2016-2018 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Электрондық үкімет" және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінде сарапшы болып еңбек етті.

2018-2019 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде бас сарапшы қызметін атқарды.

2019-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасын басқарды.

2021-2024 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары болды.

2024-2025 жылдары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментін басқарды.

2025 жылдың ақпанынан бастап ҚР ЦДИАӨМ Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу