Атырау облысында елімізде тұңғыш қолға алынған асылтұқымды ешкі фермасы бірнеше аймақтың сапалы өнімге деген қажетін өтеп отыр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы негізінде қолға алынған жоба аз жылда нәтиже бере бастады. Қазір мұнда 1 мың бас асылтұқымды ешкі бағылып жатыр, деп хабарлайды khabar.kz.
Ешкі – өсімтал түлік. Жылына 2 мәрте төл беретін Шекшек ата тұқымы бүгінде қоралы отарға айналған. Өрісін тауып, бағымын келістірген бақташылар қазір табысқа кенеліп отыр.
Бұл ферма 2014 жылы үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылған. Әуелі тірлігін мемлекет көмегімен 300 млн теңге жеңілдетілген несие алудан бастаған. Қазір табыс тауып, қарызын өтеуге мүмкіндігі жетті. Владимир Розметов,
"Қазіргі күнде біз ӘКК-ден үлесті түгелдей сатып алдық. Ешкі зауытымыз өзіміздікі. Үкіметтен алған несиенің 50 пайызын мерзімінен бұрын қайтардық. Қалағанын бұйырса, 2 жылда қайтара аламыз", - дейді шаруашылық жетекшісі.
Ешкі фермасында 50-ге тарта адам еңбек етеді. Олар тек малды бағып-күтуден өзге өнімді өңдеп кәдеге жаратуды да жете меңгерген. Ауылдың жас мамандары неміс технологиясын оңай меңгеріп алыпты. Ешкі сүтінен 15 түрлі өнім шығарып отыр.