Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде жеңіліп қалды

321

Ұлыбританиялықтарға есе жіберді.

Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде жеңіліп қалды Фото: ktf.kz

17 жастағы қазақ теннисшісі Асылжан Арыстанбекова  жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Bassport.kz порталына сілтеме жасап.

Ол Беларусь өкілі Юлия Перепихинамен жұптасын, ширек финалда ұлыбританиялықтар Ханна Клагмен – Мингге Сюймен шеберлік байқасты.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде ұлыбританиялық жұп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетелік, жасөспірімдер арасындағы додада тағы бір қазақ теннисшісі Әмір Омарханов жекелей сында ширек финалға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу