Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев Асылжан Мамытбековтың ауыл шаруашылығы саласына қайта келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, биыл АШМ жұмысына тың тәсілдер енгізіледі. Бұл ашық алаңға тек Мамытбеков қана емес, сарапшылар мен бизнес өкілдері де шақырылып жатыр екен.
Вице-министр Асылжан Сарыбайұлының ет одағының төрағалығына сайлануымен қатар, енді АШМ-де штаттан тыс кеңесші болып жұмыс істейтінін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу