Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады

155

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтады Фото: Ақорда

Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке тіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды.

Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу