Асыранды балаларына жауыздық танытқан емшіге қатысты іс сотқа келіп түсті

243

Алдағы аптада қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істі қарайтын судья бекітіледі. 

Асыранды балаларына жауыздық танытқан емшіге қатысты іс сотқа келіп түсті Фото: Kazinform

Асырап алған балаларына қатыгездік танытты деген айып тағылған емшіге қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.

Балаларға жауыздық танытты деген күдікті емшіге Қылмыстық істің 110-бабы (Қинау) және 140-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) айып тағылып отыр.

Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Сот процесі жабық өтетін болады.

Бұған дейін Шымкентте жергілікті танымал емшінің 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, үш жылдан бері азаптап келгенін жазған болатынбыз. Кейінірек емші туралы тың дерек шықты.

Емші ісінен соң білім саласының бірқатар қызметкері жазаланды. Сонымен қатар қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар балалардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Бүлдіршіндердің бірі аталған отбасыға небәрі 1,5 айлығында қамқорлыққа берілгені белгілі болды. Қамқорлыққа берілген балалардың арасында үш айлық егіздер де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу