Асырап алған балаларын аяусыз қорлаған емші бұрын адам өлтірген болып шықты

6128

Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған. 

Асырап алған балаларын аяусыз қорлаған емші бұрын адам өлтірген болып шықты Фото: видео скриншот

Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.

Сот отырысына келген қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты. 

Аталған құжаттардың ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген. 

Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген. 

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті "Ақпараттық қызмет" жүйесі жасаған құжатта емшінің 1993 жылы "абайсызда адам өлтіру" бабымен істі болғаны және психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол мәжбүрле емдеуге жіберілгені көрсетілген. 

Айта кетейік, емшіге қатысты сот актісі бүгін жарияланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу