Шымкентте қамқорлығына алған 6 баласына қатыгездік танытты деп айыпталған жергілікті емшінің қылмыстық ісін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Болат Қарабаев қарайтын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Қалалық соттың мәліметінше, алғашқы отырыс 18 маусымға белгіленген. Сот процесі жабық өтеді.
Бұған дейін Шымкентте жергілікті емші 6 баланы қамқорлыққа алып, оларға ит пен мысықтың етін беріп, мал бақтырып, үш жылдан бері азаптап келген болатын.
Кейінірек емші туралы тың дерек шықты.
Емші ісінен соң білім саласының бірқатар қызметкері жазаланды.
Ондағы мәліметте бүлдіршіндердің бірі аталған отбасына небәрі 1,5 айлығында қамқорлыққа берілгені көрсетілген.
Асырап алынған балалардың арасында үш айлық егіз де бар.
Өткен аптада қоғамдық резонанс тудырған іс сотқа келіп түсті.