Асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтiк төлем мөлшері артуы мүмкін

447

Бұдан бөлек еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарға төленетін әлеуметтік төлем де артады. 

Асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтiк төлем мөлшері артуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасында айтылған. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 2024 жылдан бастап артуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулы жобасында.

Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу