Мүгедектік бойынша төленетін әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 53 364 тг, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 48 877 тг, деп жазады inbusiness.kz сайтына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Биылғы қазан айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,3 млрд тг, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,4 млрд тг бөлінді.
Осы жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша мүгедектік бойынша 530,8 мың адам жәрдемақы алады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 171,7 мың адамға жетті.