"Ат – ер қанаты" атты эстафета басталды

1269

Әрбір ауыл қысқа бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктейді. Соңында жоғары белсенділік танытып, ең көп лүпіл жинаған ауылға сыйлықтар табыс етіледі.

"Ат – ер қанаты" атты эстафета басталды

Павлодар облысы Баянауыл ауданының жастары "Ат – ер қанаты" атты эстафета ұйымдастырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жастар орталығының директоры Ренат Ильдиннің айтуынша, 14 қаңтар – 13 ақпан аралығында әрбір ауылдық аймақ қысқа бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктейді. Соңында жоғары белсенділік танытып, ең көп лүпіл жинаған ауылға сыйлықтар табыс етіледі.

"Алғашқы болып Ақсан ауылы бастады. "Тұма"  жастар қоғамдық берлестігінің басшысы Батырбек Қошқарбаев ат әбзелдері мен жылқыны баптау туралы ақпарат берді. Асауды үйрету және жабағы сайысы өткізілді. Белсенді жастардың әрқайсысы өз жылқысымен келеді. Аудан бойынша 14 елді мекен мен Майқайың кентінің жастары, өз еркімен қатысуға ниет білдірген тұрғындардан 300-ден астам адам қамтылады", – Ренат Ильдин.

Ұлттық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған эстафетаны келесі болып Ақсу қаласы қабылдауды көздеп отыр.

Майқайың кентінде ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ауданның құрметті азаматы, тыл және еңбек  ардагері 86 жастағы Мұхтар Әбенов  атқа міну мәдениеті туралы баяндаса, Жаңатілек ауылында қазақтың ұлттық ойыны – көкпардан көрініс ұсынылады.Қызылтау аулында құсбегілік бойынша шеберлік сағаты  өтеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу