Ат спортынан әлем кубогінде қазақстандық спортшылар қандай нәтиже көрсетті

614

Өзбекстанда ат спортынан әлем кубогі кезеңі мен Еуразия лигасының Ұлт кубогі басталды.     

Ат спортынан әлем кубогінде қазақстандық спортшылар қандай нәтиже көрсетті

Командалық және жекелей сындағы жарысты Халықаралық ат спорты федерациясының мамандары бақылауда деп жазады  inbusiness.kz  Olympic.kz  сайтына сілтеме жасап.  

21-25 сәуір аралағында өтіп жатқан турнирге Өзбекстан, Ресей, Германия, Нидерланд, Финляндия, БАӘ, Иран, Армения, Беларусь, Украина, Қазақстан және Қырғызстан спортшылары қатысуда. 

140 сантиметр биіктікке секіруден қазақстандық Олег Попеляев 8-орын иеленсе, Нұрила Тұрысбекова 12-ші, Дмитрий Тишков 20-орынға тұрақтады. 

Ал 120 сантиметр биіктікке секіруден Шыңғыс Маликаждар 5-орын алса, Нұрила Тұрысбекова 10-шы, Нұрлан Досалы 19-орын иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу