Ата-ана қарауынсыз қалған екі сәби 4-қабаттан құлап кетті

381

Екеуінің де жағдайы ауыр.

Ата-ана қарауынсыз қалған екі сәби 4-қабаттан құлап кетті Фото: inbusiness.kz

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалған екі сәби 4-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алғашқысы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты №17 шағын ауданында болған. 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан бір жастағы сәби құлап кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді.

Ал, екінші оқиға Тұран ауданына қарасты Спорт шағын ауданында болды. Көпқабатты үйдің 4 қабатынан 4 жастағы ұл  құлап, ауруханаға жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр. Жансақтау бөліміне жатқызылған.

"Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлау жағдайы бойынша 6 факт тіркелді. Екі бала қайтыс болды. Барлық оқыс оқиғаларда бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған. Сондықтан, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеміз" делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу