"Ата-аналар академиясы" жобасында сабақ тақырыптарының қажеттілігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді

510

Сауалнамаға 12 526 адам қатысты.  

"Ата-аналар академиясы" жобасында сабақ тақырыптарының қажеттілігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді Фото: google

Сауалнама ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. "Ата-аналар академиясының" білім беру жобасы осы жауаптарға қарай ата-аналарды оқытудың тақырыптық бағыттары әзірленеді.

Сауалнамаға қатысқан 12 526 адамның 56,2% - ы ауыл, 43,8% - ы қала тұрғындары. Олардың 35,1%  Түркістан, 10,5%  Атырау, 10% -ы Жетісу облыстарынан, қалған 44,4% - ы еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары. Респонденттердің 54% - ы мектепте айына 1 рет күндізгі оқу нысанында өткізілетін сабақтарға қатысуға дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу