Ата-аналар мектеп асханасындағы тегін тамақты мобильді қосымша арқылы бақылай алады

223

"Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасы іске қосылды. 

Ата-аналар мектеп асханасындағы тегін тамақты мобильді қосымша арқылы бақылай алады Фото: Уральский меридиан

Оқу-ағарту министрлігі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, eGov Mobile мобильді қосымшасында "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасын іске қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жоба мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу