Ата-аналар мектептегі камера арқылы баласын қашықтан бақылайтын болды

1865

Бейнені ұялы телефондарға беру тетігі енгізіледі.

Ата-аналар мектептегі камера арқылы баласын қашықтан бақылайтын болды Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға балаларын бақылау үшін білім беру мекемелеріндегі бейнекамераларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін Нұсқаулық жобасын әзірледі деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бейнебақылау камералары арқылы ата-ана бақылауы жүйесін енгізуді ұсынады. Бұйрық жобасы кемінде 30 күн мерзімге жазбаларды сақтау міндеттемесін көздейді. Сондай-ақ, мекеме басшысының жазбаның сақталуына жауапкершілігі қарастырылған. Бұдан бөлек, ата-аналардың ұсыныстарын ескере отырып, бейнебақылау камераларынан бейнені ұялы телефондарға беру тетігі енгізілетін болады", - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Аталған тетіктің мақсаты білім беру мекемелерінің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу