Ата-аналар мен ұстаздарға да кәсіби бағдар беріледі

754

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, BTS Digital білім жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек еліміздің орта білім беру мекемелерінде оқушыларға кәсіби бағдар берудің жаңа моделі енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ата-аналар мен ұстаздарға да кәсіби бағдар беріледі

Ол осыдан 2 жыл бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында нарық сұранысына сай мамандықтарды зерттеуді ұсынғанын тиек етіп, бастаманы Мемлекет басшысы қолдағанын айтты. 

"Нәтижесінде Президенттің Жарлығымен елімізде жаңа мамандықтар атласын әзірлеу қолға алынды. Мақсат нарықтағы жаңа мамандықтарға талдау жасау және сұранысы төмендеген, жоғалып бара жатқан мамандарды анықтау болды. Сонымен қатар алдымызда қолданыстағы мамандықтарды трансформациялау міндеті тұрды", – деді BTS Digital білім жобаларының жетекшісі.

Саясат Нұрбектің айтуынша, кәсіби бағдар тек түлектерге ғана емес, ата-аналар мен ұстаздарға да беріледі 

"Мамандықтар атласы жұмысының екінші бағыты: оқушыларға, түлектерге кәсіби бағдар беру. Бұл бағытта Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірқатар шара атқарылды. Білім және ғылым министрлігінің тиісті бұйрығына қол қойылды. Жаңа жылдан бастап еліміздің барлық мектептерінде кәсіби бағыт-бағдар берудің жаңа моделі енгізіледі", – деді BTS Digital білім жобаларының жетекшісі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу