Ата-аналар отандық кәсіпорындар тігетін мектеп формаларымен танысты

2309

Нұр-Сұлтанда өткен мектеп формалары көрмесіне жеңіл өнеркәсіппен айналысатын 15 кәсіпорын қатысты.

Ата-аналар отандық кәсіпорындар тігетін мектеп формаларымен танысты

Көрмені өткізу Angel cher, "Алтын адам",  "Казлегпром-Алматы" сынды жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындармен иық тіресе алатын бәсекелестердің бар екенін көрсетті.

Мәселен, Петропавлдан келген Sens Fashion өз аймағынан бөлек Ақмола облысының кей мектептерінен тапсырыс алады екен. Кәсіпорын 300-ге жуық мектеппен жұмыс жасайды. Классикалық жаттанды үлгіден бөлек, сыдырма ілгекті спорттық үлгіге жақын кеудешелерді де тігеді, бағасы – ­7 мың теңге. "Дәп осы нұсқаға сұраныс артуда", – дейді компания өкілі.

Ал "Казлегпром-Алматы" компаниясы 9 мың теңгеге отандық аяқкиім ұсынып отыр.

Орташа бағаға шағып қарар болсақ, бір балаға шамамен 20-25 мың көлемінде ақша жұмсалады.

Халықтың қалтасына баға жағынан ыңғайлы формаларды  шымкенттік "Гауһар" тігін фабрикасы шығаруда. Бұл жерде ең қымбат мектеп формасы –13 000 теңге.

Өндірістік кәсіпорындарда көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер  бар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу