Ата-аналар президенттің атына петиция жолдамақ

1039

Жаңа оқу жылының басталғанына небары бір апта өтсе де, еліміздің қашықтан білім беру жүйесінің күл-талқаны шықты.  

Ата-аналар президенттің атына петиция жолдамақ

Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың петициясына пікір білдірді, деп хабарлайды Atameken Business

Әлсіз интернет, қолданушының көптігіне шыдамай жатқан тегін платформалар, сабақ кезінде қосылып кеткен порнография. Мұның бәрі оқушылардың біліміне, ата-аналардың жүйкесіне кері әсер еткені анық. Енді олар қол жинап,  мемлекет басшысы мен білім және ғылым министрінің атына петиция жолдамақ. Ал мұны мұғалімдер қолдай ма?

Ата-аналардың петициясына қатысты жауапты ведомствоға сұрау жолдағанбыз. Бір қызығы, офлайн оқытуды қайтаруға байланысты шешімді білімге жауапты ведомство шығармайтын көрінеді.

Жалпы, қашықтан оқу үшін бір онлайн платформаға 600 млн теңге жұмсалған. Оның өзі тек 2 тоқсандық оқуға кеткен шығын. Қазір Білім медия груп компаниясымен 3500 мектеп келісім-шартқа отырған. Қыруар қаржы жұмсалған онлайн алаңның қаншалықты тиімді екенін Айзат Қайырлыбекқызы сараптап көрді.

Тау баласы тауға қолын созады деген мәтел Ізғұтты ауылының тұрғындары үшін әлі маңызын жоймаса керек-ті. Себебі, әлі күнге дейін ауыл тұрғындары қарапайым интернеттің  игілігін көре алмай отыр. Ауыл тұрғындарының сөзінше, байланыс  нүктесі таудың басынан басталады дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу