Ата-аналар жеке балабақшаларда орын алып отырған озбырлық фактілеріне шара қолдануды талап етуде

637

Үш жасар бүлдіршіннің сүйегі сынып кеткен.

Ата-аналар жеке балабақшаларда орын алып отырған озбырлық фактілеріне шара қолдануды талап етуде

Оқу-ағарту министрлігіне ата-аналардан тәрбиешілердің балаларға қол жұмсауына, денсаулығына зиян келтіруге, сондай-ақ балабақшада балаларға жасалған сапасыз жағдайға және кейбір жекеменшік балабақшалардың жосықсыз жұмысына қатысты шағымдар әлі түсіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz. ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршінді қатты тартып, салдарынан оның сүйегі сынып кеткен. Тәрбиеші жұмыстан босатылды, ал балабақша директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дәл сондай оқиға Оралдағы тағы бір жекеменшік балабақшаның тәрбиешісіне қатысты шағым түсті. Балалар ата-аналарына тәрбиешінің ұрғанын айтып шағымданған. Балалар тәрбиешісінен қорыққандықтан осы уақытқа дейін ата-аналарына ештеңе айтпай келген. Оның балаларды қатаң жазамен қорқытқаны белгілі болды. Балабақша қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Құқық бұзушылықтардың санын азайту және балабақшалардың жұмысын ретке келтіру үшін біз лицензия беруді енгізуді қолға алып отырмыз. Бұл балалардың балабақшадағы қауіпсіздігін жақсартады. Егер балабақша талапқа сай болса, онда қысқа уақыт ішінде цифрлы лицензия алады. Ал егер сай болмаса, кемшіліктерді жоюға уақыт беріледі. Лицензия беру талаптары қарапайым. Одан қорқудың қажеті жоқ. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардың басым көпшілігі лицензияны оңай ала алады. Біз балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз етуге мүдделіміз", – деді Оқу-ағарту министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу