Мына өңірлерде оқушылардың 10 пайыздан астамы вирус жұқтырған: Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалалары.
"Денсаулық сақтау министрлігі балалар, соның ішінде мектеп оқушыларының сырқаттануына қатысты күнделікті мониторинг жүргізіп келеді. Офлайн оқуға көшу мен жас адамның омикрон штаммын тез жұқтыратынын ескере отырып, аумақтардың білім беру ұйымдарында санитарлық-дезинфекциялық және маска режимін, сыныптардың толықтырылуын және өзге де белгіленген шараларды орындау жөніндегі талаптарды қамтамасыз етуді сұраймын. 12 жастан асқан балалардың ата-аналарын балаларды вакцинациялауға шешім қабылдауға шақырамын", – дейді министр.