Ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат жалған – министрлік

1486

Жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады.

Ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат жалған – министрлік

ҚР Білім және ғылым министрлігі соңғы күндері әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.  

"Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылғандығын хабарлаймыз. Қосымша сұрақтар бойынша министрліктің Сall-орталығына +7(7172)74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе өңірлік білім басқармаларына хабарласуға болады", – деп хабарланды  министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу