Балаларды ұрып тәрбиелеуге тыйым салатын заң жобасы қабылданды

493

 Бұл тыйым әлемнің 65 елінде бекітілген. 

Балаларды ұрып тәрбиелеуге тыйым салатын заң жобасы қабылданды Фото: canva.com

Өзбекстанда ата-аналарға балаларын ұрып тәрбиелеуге тыйым салатын заң жобасы қабылданды. Көрші елдің депутаттары жаңа құжатты бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизен желтоқсан айында Қазақстанда дәл осындай заңды қабылдауды ұсынған еді.

Оның айтуынша, бұл тыйым әлемнің 65 елінде бекітілген. Ал жақын арада бұл тізімді тағы 27 ел толықтырады.

Өткен аптада Мәжіліс депутаттары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Бұдан былай ұрып-соғу, денсаулыққа зиян келтіру, қорлау, қудалау үшін жаза қатаңдауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу