Ата-анасынан таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті

627

Петропавлда ата-анасы жеті жасар қызын ұрып-соқты деген күдікке ілінді.

Ата-анасынан таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті Фото: Астана телеарнасы

Петропавлда баласымен тіл табыса алмаған ата-ана оны соққыға жыққан. 7 жасар қыз баланың денесіндегі жарақаттарды мектеп медбикесі көріпті. Медицина қызметкері бұл жайында дереу полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна ақпаратынша, тексеру барысында оның 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі ұрып-соққаны анықталған. Олар өзінің теріс қылығын қыздың тіл алмауымен түсіндірген. Қазір жеткіншек ауруханада ем алып жатыр.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады", - деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу