Теміртау қаласының өлкетану мұражайы ескі ойыншықтар қабылдауда. Қала күні қарсаңында оларды "Біздің әжелеріміздің балалық шағы" атты көрмеге қояды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Қала тұрғындарын мұражайға қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар, машиналар, альбомдарға арналған маркаларды, ертегі кітаптарын, белсенді ойындар үшін снарядтар және басқа да ойыншықтар әкелуге шақырады.
"Әрине біз көне заттарды ерекше қызығушылықпен қабылдаймыз. Оның ішінде ұрпақтан-ұрпаққа жәдігер ретінде берілген ойыншықтар болса, нұр үстіне нұр. Ондай заттарды біз тек көрме кезінде қолдану үшін ғана аламыз. Содан кейін иелеріне қайтарып береміз", - дейді музейдің кіші ғылыми қызметкері Ольга Шувалова.
Теміртаулықтар үйлерінде бар көне ойыншықтарды әкеле бастапты.
Барлық экспонаттарды көрмеде жас ерекшелігі мен қолдану қажеттілігіне қарай бөледі. Қонақтар үшін интерактивті ойындар өткізсе, балаларға олардың әжелері мен аталары бала кездерінде қандай ойыншықтармен ойнағаны туралы айтады.
Музей әкімшілігі ең ерекше жәдігер иесін марапаттайтындарына уәде береді.
Ойыншықтарды жинау 31 тамызға дейін жалғасады. Ал көрме Теміртау қаласының күніне орай 1 қазан ашылады және екі апта бойы өтеді.