"Ата-бабамыз күнәҺарлар ма?": Қошанов "домбыра – харам" деген түсінікке пікір білдірді

1405

Домбыра сабағын мектеп бағдарламасына енгізу қажет.

"Ата-бабамыз күнәҺарлар ма?": Қошанов "домбыра – харам" деген түсінікке пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов 13 қыркүйек күні палата кулуарында "домбыра – харам" деп жүргендерге пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жақында әлеуметтік желі қолданушысы музыкалық аспап сияқты домбыра тарту да ислам діні бойынша харам екенін айтқан видеосы тарады.

БАҚ өкілдері зайырлы ел екенімізді ескере отырып, Қазақстанда мұндай тұжырым айту қаншалықты орынды екенін сұрады.

"Депутат Аманжол Алтай депутаттық сауалда бұл тақырыпты көтерді. Сіздің ойыңызша, бұл дұрыс па, жоқ па. Осындай тақырыпты көтеріп жүргендерге айтарым: "Сіздің ойыңызша, домбыра тартқан ата-бабамыз күнәҺарлар ма?",  деді Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу