Ата Заң еліміздің дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды – Мамин

666

"Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!".  

Ата Заң еліміздің дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды – Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп жазады primeminister.kz.

"Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін! Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин" деп жазған ол құттықтау хатта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу