Ата заңымыздың 25 жылдығына орай арнайы логотип әзірленді

1394

24 тамыз бен 30 тамыз аралығында "Негізгі заң апталығы" жобасы өтеді.

Ата заңымыздың 25 жылдығына орай арнайы логотип әзірленді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов мерейтойлық логотип әзірленгенін айтты. 

"Ата заңымыздың 25 жылдығына орай Конституциялық кеңес бірыңғай логотип әзірледі. Оны Мемлекеттік хатшы мақұлдаған. Логотип негізгі заңымыздың мерейтойлық шараларын біркелкі безендіру үшін қажет. Ол барлық мемлекеттік органдарға жіберілді. Сонымен қатар логотипті кеңестің ресми сайтынан жүктеп алуға болады", – деген спикер.

Бақыт Нұрмұханов 24 тамыз бен 30 тамыз аралығында "Негізгі заң апталығы" жобасы іске қосылатынын мәлім етті. 

"Жобаның мақсаты – Конституцияның маңыздылығын терең түсіндіру, негізгі заңға қоғамның назарын аударту, жалпы ұлтты "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында конституциялық халықтың мәдениетін арттыру", – деді Бақыт Нұрмұханов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу