"Ата жолы" картасы аясында елге келгісі келетін 50 қандас анықталды

575

Еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін нақты шаралар қабылданып жатыр.

"Ата жолы" картасы аясында елге келгісі келетін 50 қандас анықталды Фото: gov.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қазіргі таңда А-5 санатындағы инвесторлар шетелден жұмыс күшін тарту үшін рұқсат алмайтын болды. Жыл басынан бері 76 шетел азаматына осындай инвестор визасы берілді. Әлеуетті инвесторларға шетелдегі мекемелерімізден "бір өтініш" қағидаты бойынша Жеке сәйкестендіру нөмірін және электронды цифрлы қолтаңба беру рәсімі жеңілдетілді. Бұдан бөлек инвестор-бизнесмендердің инвестициялық виза алуына қажетті төменгі шекті азайту қарастырылып жатыр", - деді ол.

Министр А-6 деп аталатын ұзақ мерзімді жаңа инвесторлық виза түрі енгізіліп жатқанын атап өтті. 

"Мұндай виза иелеріне еліміздің аумағында тұрақты тұру үшін (10 жылға) ықтиярхат алу құқығы беріледі. Ал шетелде табысты бизнестері бар этностық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын беру тәртібі бекітілді. Бүгінде "Отандастар" қоры қолында кәсібі бар, елге "Ата жолы" картасы аясында келгісі келетін шетелдік 50 қандасымызды анықтап, қажетті жұмыс жүргізуде", - деп хабарлады ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу