"Ата жолы" картасын 44 этникалық қазақ алған

427

Картаның иегерлеріне елімізде 10 жыл тұруға рұқсат беріледі. 

"Ата жолы" картасын 44 этникалық қазақ алған Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Ата жолы" картасы қанша этникалық қазаққа берілгені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаевтың айтуынша, этникалық қазақтарға Қазақстанда тұруға және бизнесті кеңінен қолдануға құқық беретін "Ата жолы" картасын алуға үміткерлердің географиясы тұрақты түрде кеңейіп жатыр.

"Қазіргі таңда "Ата жолы" картасын алуға Ресей және Моңғолия азаматтарымен бірге АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріндегі этникалық қазақтар да қызығушылық танытып жатыр. "Ата жолы" картасын 44 этникалық қазақ алды. Оның 24-і сұранысқа ие мамандық иелері болса, ал 20-сы кәсіпкер", – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ата жолы" картасы бар этникалық қазақтардың басқа елдің азаматы бола тұра қазақстандықтармен және қандастармен тең құқыққа ие екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу