“Реал Мадрид” және Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sportarena.kz сайтына сілтеме жасап
Француз Киллиан Мбаппе ұлттық құраманың матчтарын өткізіп, Стокгольмге демалуға келген. Ол келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң полицияға Мбаппе тұрған қонақ үйде зорлау ісі бойынша арыз түскен.
Швециялық басылымның мәліметінше Килиан күдіктілердің бірі екенін жазған. Полиция қонақ үйде тексеру жүргізіп, тергеу жұмысын бастады. Бірақ Мбаппеге қатысты күдік деңгейі - ең төменгілерінің бірі болып шықты.
Дегенмен тергеу барысында күдіктінің аты-жөні ресми түрде аталған жоқ
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу