Атақты қазақстандық балуан 2020 жылға дейін спорттан шеттетілді

651

Атақты қазақстандық балуан 2020 жылға дейін спорттан шеттетілді

Грек-рим күресінен ел намысын қорғап келген Азия чемпионы Нұрсұлтан Тұрсынов ішкі және халықаралық жарыстарда неліктен өнер көрсетпейтіні белгілі болды. Семейлік балуан тыйым салынған мельдоний препаратын қолданып, допингке қарсы ережені бұзған.

Біріккен күрес әлемі Нұрсұлтан Тұрсыновты 2020 жылдың 3 наурызына дейін спорттан шеттетті. Бұл оқиға туралы Қазақстан күрес федерациясы арнай мәлімдеме жасаған жоқ, деп жазды Informburo.kz.

Нұрсұлтан Тұрсынов 1991 жылдың 30 қаңтарында туған. Жеке бапкері – Ерғазы Сағнаев.

Жетістіктері: "Қазақстан Республикасы Президенті Кубогы" халықаралық турнирінің екі дүркін қола (2012, 2013 жылдары) және күміс (2015 жылы) жүлдегері, Азия чемпионы (2014 жылы), Испания гран-приінің жеңімпазы (2014 жылы), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2015 жылы), Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы (2015 жылы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу