Атақты Лувр музейін тонаған 5 күдікті ұсталды

Бұл туралы Париж прокуроры Лора Беккон хабарлады. 

Атақты Лувр музейін тонаған 5 күдікті ұсталды Фото: Thomas Padilla / AP

Оның сөзінше, Лувр музейін тонауға қатысы бар делінгендердің екеуі өз кінәсін мойындаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Айыпталушылар полицияда 96 сағат тергеуде болған. Содан соң ғана тергеу судьясының алдына шығарылды. Оларға "ұйымдасқан ұрлық жасау" және "қылмыстық келісімге келу" баптары бойынша айып тағылған. 

Бандитизмге қарсы бригада мен мәдени құндылықтардың заңсыз айналымымен күрес басқармасының өкілдері осы істі тергеуде. 

– 100-ге жуық тергеуші бір апта бойы, күндіз-түні қылмыскерлердің кім екенін анықтап, ұрланған әшекейлерді табуға тырысты, – деді прокурор. 

Лора Бекконың мәлімдеуінше, күдіктілердің тұлғасын жариялауға болмайды. Ол үшін әлі де жұмыстар атқарылуы керек. 

– Олардың бірі – негізгі күдікті. Ал бұған дейін ұсталған екі адам Луврды тонауға қатысы барын мойындады. Ұрланған әшекейлер әлі табылған жоқ, бірақ мен олардың қайта табылып, Лувр музейіне, жалпы алғанда, ұлтқа қайтарылатынына үміттенемін, – деді Бекко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу