Атақты "Мона Лизаның үйі" жөнделеді

Мұны Франция президенті Эмманюэль Макрон хабарлады. 

Атақты "Мона Лизаның үйі" жөнделеді Фото: РБК

Лувр – әлемдегі келушілері ең көп мұражайдың бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап. 

"Луврдың жаңа ренессансы" деп аталатын 10 жылдық жөндеу жобасы 2031 жылға қарай ашылатын Сена маңындағы жаңа кіреберіс пен жерасты залдарын құруды қамтымақ. 

– Луврды жаңарту және кеңейту жұмыстары біздің елімізде және одан тыс жерлерде өнер тарихының эпицентріне айналдырады. Жоспар бірінші кезекте Луврға баруды теңестіретін және париждіктердің оған кіру мүмкіндігін қалпына келтіретін үлкен және тиімді Перро колоннадасы деңгейінде жаңа үлкен кіреберіс құруды қамтиды, – деді Франция президенті.

Президент мұражайды жаңғырту жобасына қанша қаржы қаралғанын нақтыламаған. Болжам бойынша 700 мен 800 млн еуроға дейін сома кетуі мүмкін. 

Франциядағы Лувр мұражайы соңғы рет 1980 жылдары атақты шыны пирамида ашылған кезде жөнделген. Музей қазіргі уақытта халықаралық стандарттарға сай болмай тұр. 

Президент Макрон мұражайға Еуропалық Одақтан тыс келушілер үшін билет бағасы 22 еуроға дейін көтерілетінін жеткізген. Сондай-ақ, ол келушілер үшін де, қызметкерлер үшін де қауіпсіз әрі жайлы болатынына сендіріп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу